Алматы кітапханаларында оқу машиналары пайда болды

09 қараша 2023, 18:55

Алматының төрт кітапханасында зағип және көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жабдық орнатылды. Ол мәтін түріндегі ақпаратты қолжетімді форматқа ауыстырып, өңдейді, бұл оқуға ыңғайлы әрі тиімді.

Тактильді басқару түймесі бар құрылғы мәтінді оқу камерасымен жабдықталған. Оқу машинасы құжаттағы, кітаптағы және журналдағы мәтінді сканерлеп, монитордағы суретті үлкейтіп, оны жоғары дәлдікпен әрі аудиоформат түрінде анық бере алады.

Мәтін бойынша іздеу пайдаланушыларға мәтінді жылжытуға, бөлім мен параққа ауысуға көмектеседі, бұл оқу және зерттеу үдерісін жеңілдетеді.

Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабардағандай, әзірге, оқу машиналары А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада, Alatau Creative Hub, Қазақстан Жазушылары кітапханасы мен №4 кітапхана филиалында орнатылған. Келесі жылы кітапханаларды осындай құрылғылармен жабдықтау жоспарланып отыр.
JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу