Алматы: Қарттар қамқорлықсыз қалмайды

04 қазан 2023, 17:54

Алматы әкімі Ерболат Досаев ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, зейнеткерлерді қолдау шараларын талқылады. Ол аға буынның жастарды тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап, өмірлік тәжірибесі мен даналығына ризашылығын білдірді.
Қала әкімдігі қарт адамдарға санаторий-сауықтыру бойынша көмек көрсетеді, коммуналдық қызмет тарифін өтейді және арнаулы қызмет көрсететін 10 белсенді ұзақ өмір сүру орталығын құрды.
Ерболат Досаев қосымша орталықтар ашу жобасын әзірлеуді және қарт адамдарды сабақтармен және бос уақытпен қамтуды 2 есеге арттыруды, сонымен қатар, санаторий-сауықтыру еміне квотаны арттыруды тапсырды. Жыл басынан бері 19 мыңнан астам зейнеткерге санаторий-сауықтыру бойынша көмек көрсетілді, коммуналдық қызметке 900 млн теңгелік тарифтер өтелді.
Бұған қоса, қала басшысы «Ардагерлерді қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаржыландыру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастырады. Ардагерлер үшін мемлекеттік тапсырыстың құны соңғы рет 5 жыл бұрын қайта қаралған.
Алматыда қарттар күнінің құрметіне орай, қазан айы бойы мәдени-демалыс, спорттық іс-шаралар жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді