jasqazaq.kz

Алматы әкімі «Қалқаман» метро бекетінің құрылысымен танысты

26 желтоқсан 2025, 18:51

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қалқаман» метро бекетінің құрылысы және «Бауыржан Момышұлы» мен «Қалқаман» бекеттері арасындағы аралық аумақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сол жақ аралық тоннель толық аяқталған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының толық кешені орындалды: түйіспесіз рельс жолы төселіп, жарықтандыру, бейнебақылау, өрт және күзет дабыл жүйелері, инженерлік желілер мен дренаж орнатылды. Сонымен қатар арнайы платформада сынақ жүрісі жүргізілді.
Оң жақ тоннельді қазу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жоспарланған 1 590 метрдің 1 390 метрі қазылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, дайын бөлігінде рельстер төселіп, инженерлік желілерді монтаждау жалғасып жатыр.
«Қалқаман» бекетінде монолитті құрылымдарды тұрғызу жұмыстары аяқталу сатысында. Әрлеу жұмыстары мен инженерлік жүйелерді орнату жүргізілуде. Жобаға 470-тен астам маман тартылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланған.
JQ-Aqparat
Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге