Алматы: Абай даңғылы жөнделіп бітті

14 тамыз 2023, 18:58

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы жаңалық: Абай даңғылын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды.
Ұзындығы 6,5 км болатын Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу аяқталды. Жөндеу шілде айында басталып, 31 тамызда аяқталады деп жоспарланған болатын. Жұмысты жылдамдату үшін екі мердігер ұйым тартылды. Асфальт түнде төселеді. Мұның бәрі жұмысты мерзімінен бұрын — 12 тамызда аяқтауға мүмкіндік берді. Тротуарлар 31 тамызға дейін жөнделіп бітеді. Қазір даңғыл бойынша жол таңбаларын сызу жұмыстары түнде – көлік аз кезде жүргізіліп жатыр.
Биыл алғаш рет полимерлер қосылған асфальтбетон қоспасы қолданылды. Оның артықшылығы жол жабынының пайдалану ұзақтығын арттырып, беріктігі мен аязға төзімділігін қамтамасыз етеді.
Биыл әкімдік ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көшеге орташа жөндеуден өткізуді көздеп отыр, Алматыда 3097 км болатын 2746 көше бар.
JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады