jasqazaq.kz

«Алмас қылыш» көркем фильмін Алматы көрермендері де тамашалады

17 желтоқсан 2016, 20:33

Алматыда «Қазақ елі» сериалының «Алмас қылыш» аталатын кинонұсқасы таныстырылды. Алматы жұртының алдында фильмнің тұсауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кесіп, қалың көрерменге жол тартқан тың туындыға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаһандағы дағдарыс Қазақстанға да әсерін тигізді. Десек те режиссер Рүстем Әбдірашев бастаған түсіруші топ бастаған істі аяғына жеткізді. Міне, бүгін бәріміз, еліміздің Ұлы мерекесінде сыйға тартып отыр. Біз Үкімет тарапынан қанша көмек көрсетсек те, фильмнің мәресіне жетуіне жәрдемін тигізген Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке алғыс айтамын», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Осылайша, алғысын білдірген министр сахна төріне қала басшысын шақырды. «Кеше ғана Астана қаласында фильмнің тұсауы кесілді. Халық ықыласпен қабыл алды. Мұндай фильмдердің мақсаты — жас ұрпаққа тарихын таныстыру. Бүгінгі мереке құтты болсын, бірліктің арқасында шығып жатқан фильмге бәрімізге құтты болсын. Осы фильмге 200 млн теңгедей ақша бөлген «Базис А» компаниясына алғыс айтамыз», деді Бауыржан Байбек. Айта кетейік, «Алмас қылыш» фильмі Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру тарихын бейнелейтін фильм. Көркем фильм Қазақстан кинотеатрларында 5 қаңтардан бастап, ал телехикая отандық арналарда көрсетіледі. Киноға 500-ге тарта адам, 100-ге жуық актер жұмылдырылған. Көркем фильмнің режиссері Рүстем Әбдіраш. Фильм 15-ғасырдың орта тұсындағы Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайды.

https://youtu.be/uQiCoebmDrc

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті