Алла қаласа, әлі ақ еңсемді тіктеп ортаға ораламын

09 қазан 2023, 10:48


Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде өзінің қазіргі жай-күйімен бөлісті.
«Ассалаумағалейкүм, армысыздар, Қазақ елі! Көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кеттім оның бірден-бір себебі: кеше ғана отбасымда қайғылы жағдай болып, менің Құдай қосқан қосағым, тірегім, баламның әкесі мәңгілік сапарға аттанып, қабырғамыз қайысып, басымыздан сынақ өтіп жатқаны бәріңізге белгілі. Қаншама алдымызда арман, мақсаттарымыз бар еді. Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам іспеттес болып отырмын. Маған оңай болмай жатыр, жалғыздықтың мұңын кешіп, жүрегімнің ауырғаны жаныма батып, кеше ғана жанымда жүрген өмірлік серігім бүгін ортамызда болмағаны өте қатты қажытып жатыр. Әлі сене алар емеспін, құдды бір түс секілді. Иә, бұл Алланың ісі, Алланың дегеніне көнеміз. Мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын”, – деп жазды өнер иесі.
Өнер иесі өзіне қолдау білдіріп, демеу көрсетіп жатқан оқырманы мен тыңдарманына алғыс білдірді.
“Сіздердің қолдауларыңызды естідім, көрдім. Жалған өмірдің жарығы ендігі уақытта жақсылықпен жансын деген ниеттемін. Қазағымның әр шаңырағында қаралы хабар емес қуанышты хабардың үні естілсін. Жекеме жазып, мені қолдап, жанашырлық танытып жатқан барша Қазақ еліне көп рақмет, алғысым шексіз. Алла қаласа, әлі ақ еңсемді тіктеп сіздердің орталарыңызға ораламын”, – дейді Наркенже Серікбаева.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді