jasqazaq.kz

Әлішер Мұқажан Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды

15 қыркүйек 2025, 20:05

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мұқажан Әлішер Қуатұлы Ақпарат комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлішер Қуатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Тұран университетін бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы жеке құрылымдарда бастады.
2017 жылдың қаңтар-маусым айларында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының аға сарапшысының міндетін атқарушы.
2017–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметінің сарапшысы.
2019–2023 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі) БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
JQ-Aqparat
Сурет: primeminister.kz

 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат