Алимент төлемейтін әкелер ұсталды

16 қараша 2023, 10:01

Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарған 253 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысының полициясы алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтау жұмыстарына ерекше назар аударады. Кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналардың орналасқан жерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. – Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция алимент төлеуден жалтарған 253 адамды анықтады. Мысалы 12 қарашада Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының инспекторлары алимент өндіріп алу туралы істер бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген екі алимент төлемейтін адамды ұстады. Ер адамның бірі 1 млн теңгеден астам қарыз болса, екіншісінің қарызы шамамен 2 млн теңгені құрайды. Павлодарлықтар одан әрі істі талқылау үшін полиция бөліміне жеткізілді, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары ата-аналар балаларына қамқорлық жасауы керек екенін айтады. Екі тарап екі ересек адамның қарым-қатынасында балалар зардап шекпеуі керек екенін түсінуі керек.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу