Әлихан Смайылов: Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялардың 70%-ы Қазақстанға тиесілі

17 қараша 2023, 17:11

Премьер-Министр Әлихан Смайылов әр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларын, қаржы секторының өкілдерін, саясаткерлер мен сарапшылардың басын қосатын VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге (Kazakhstan Global Investment Roundtable) қатысты.
Осы жылдар ішінде KGIR өзін Қазақстан мен халықаралық инвестициялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді диалог алаңы ретінде көрсете алды.
Премьер-Министр өз сөзінде атап өткендей, Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялардың 70%-ы Қазақстанға тиесілі.
«Өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 18%-ға өсіп, $28 млрд-қа жетті. Биылғы 6 айда ұлттық экономикаға тағы $14 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Еліміздің тәуелсіз кредиттік рейтингісінің тұрақтылығын Fitch, S&P және Moody’s халықаралық агенттіктері растап отыр», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық модельге көшу қажеттігін жариялағанын еске салды.
Атап айтқанда, Үкімет алдына 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа дейін, яғни 2 есеге арттыру бойынша ауқымды міндет қойылды.
«Инвестицияларды тарту экономикамыздың өсуінің негізгі факторы болып табылады. Ұлттық инвестициялық саясат шеңберінде ESG стандарттарын ескере отырып, Қазақстан 2029 жылға дейін кемінде $150 млрд шетелдік инвестиция тартуға мүдделі. Сол үшін біз инвесторларға қолайлы жағдайлар жасауды, оның ішінде инвестицияларды қолдау құралдарын жетілдіруді одан әрі жалғастырамыз», — деді Премьер-Министр.
Әлихан Смайылов бүгінде 83 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алатынын, ал 109 мемлекеттің резиденттері үшін электрондық визалар ресімдеу қолжетімді екенін еске салды.
Бұған қоса ерекше инвесторлық визалар қарастырылған. Сондай-ақ елде бизнес үшін өңірдегі теңдесі жоқ қызметтерді ұсынатын бірегей бизнес алаңы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді.
«Бұл қадамдардың барлығы елдің инвестициялық әлеуетін ашуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Қазақстан әлемдік стандарттарға сәйкес инвестициялық климатты одан әрі арттыру үшін бар күшін салады. Сондай-ақ, инвесторлардың сұраныстарына сәйкес қосымша керекті қолдау шараларын тұрақты түрде енгізетін боламыз. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына белсенді инвестиция салуға шақырамыз», — деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу