Әлихан Смайылов: «Қорғаста» заманауи азық-түлік хабы құрылады

17 қараша 2023, 15:42


2026 жылға қарай «Қорғас» базасында заманауи азық-түлік хабын құру жоспарланған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды.
«2026 жылға қарай „Қорғас“ базасында азық-түлікті сақтауға және таратуға бағытталған заманауи азық-түлік хабын құру жоспарланып отыр. Азық-түлік хабын құру — мемлекеттік деңгейдегі міндет. Оның шешімі халықаралық тауар алмасуға серпін беруге, агроөндірісті ынталандыруға және өңірлік деңгейдегі аралас инфрақұрылымды (қоймалар, сақтау орындары, кептіргіштер, жергілікті қайта өңдеу қуаттары) қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, аталған бастаманы іске асыру үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығымен бірлесіп, сауда-логистикалық хаб арқылы ірі көтерме сауда мүмкіндігін заңнамалық бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұл ретте сауда саласындағы заңнаманы өзгертудің мынадай 2 тәсілі қарастырылып жатыр:
— «ірі көтерме және шағын көтерме сауда» ұғымдарын енгізу және сауда-логистикалық хаб пен көтерме-тарату орталықтары арқылы ірі көтерме сауданы қайта бағдарлау;

— көтерме сауданың сауда-логистикалық хаб және көтерме-сауда орталықтары арқылы толық ауысуы.

«Осы жылдың 11 қазанда Сауда және интеграция министрлігі „Атамекен“ ҰКП алаңында осы тәсілдерді талқылау жүргізді. Нәтижелері бойынша барлық айтылған ұстанымдарды ескере отырып, „Атамекен“ ҰКП шоғырландырылған ұстанымын дайындау туралы шешім қабылданды», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу