Әлихан Смайылов: Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады

03 қазан 2023, 11:44

Үкімет машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Отандық кәсіпорындарды қолдау үшін жыл соңына дейін арнайы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылатын болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Машина жасау саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы дайындалуда», — деді ол Үкімет отырысында.

Айтуынша, аталған жоспарды іске асыру арқылы саладағы өндірісті 2 еседен астам, экспорт көлемін 3 есе, негізгі капиталға салынатын инвестицияны 1,5 есе арттыруға болады.

«Биыл Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жол картасын өзектендіру жұмыстары аяқталады. Онда тоқыма өндірістерін құру кезінде инвестициялық шығындарды өтеу, мемлекеттік сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдау шаралары көзделеді», — деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов Индустрияландыру картасы аясында биыл тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда және басқа салаларда 170 жобаны іске қосу жоспарланғанын еске салды.

Бұл шамамен 12,5 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді дейтін есеп бар.

«Қазір Президент тапсырмасына сәйкес бірқатар басым бағыттарда жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлерді құру бойынша ірі жобалардың тізбесі дайындалуда.

Атап айтқанда, мұнай, газ және көмір химиясында, металды терең өңдеу, уран өнеркәсібі, машина жасау, автокомпоненттер, тыңайтқыштар өндірісі және басқа салаларда осындай кластерлер құру көзделіп отыр. Мұнда ішкі ресурстарды барынша пайдалануға және оффтейк-келісімшарттардың әлеуетін іске қосуға басымдық берілетін болады», — деді Премьер-Министр.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді