Әлихан Смайылов: Қабылданған шешімдер ұйымның дамуына тың серпін береді

26 қазан 2023, 17:50

Бішкекте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті.
Үкімет басшысының баспасөз қызметі жазғандац,  ЕАЭО шеңберіндегі орта мерзімді кезеңге арналған бірлескен іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен басым бағыттары, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласындағы кооперациялық жобаларды іріктеу тәсілдері және басқа да мәселелер талқыланды.


«Бүгін біз Комиссия дайындаған бірқатар баяндамаларды тыңдаймыз, елдеріміз үшін маңызды мәселелерді талқылаймыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын айқындаймыз. Қабылданған шешімдер біздің ұйымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, жаңа серпін беретініне сенімдімін», — деді отырыста сөз алған Әлихан Смайылов.


Іс-шараға Беларус Үкіметінің басшысы – Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу