Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

10 қараша 2023, 15:41

Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.
Жарыста Қазақстан атынан пара пауэрлифтинг, бочча, пара жеңіл атлетика, пара велоспорт, академиялық ескек есу, пара дзюдо, отырып ойнайтын волейбол, пара үстел теннисі, шахмат, пара оқ ату, пара садақ ату, пара таеквондо, пара жүзу және пара каноэ сияқты 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысты. Нәтижесінде ел құрамасы 41 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Медаль саны бойынша Қазақстан 44 қатысушы ел арасында 11-ші орынға көтерілді.


Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып, қазақстандық паралимпиада ойыншыларын өткен Пара ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады.
«Сіздердің бойларыңыздағы жанқиярлық рух пен жеңіске деген құштарлық миллиондаған адамдарды өмірдегі қиындықтарды еңсеруге және табысқа жетелейді. Сіздердің керемет спорттық өнерлеріңіз адамның ерік-жігерінің шексіз екенін паш етті. Сіздердің әрқайсыларыңыздың өмір жолдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін шеберліктің, батылдықтың, сондай-ақ табандылықтың үлгісі. Онсыз, әрине жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес», — деді Премьер-Министр.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, жетістікке жету жолында паралимпиадашыларға қолдау көрсеткен тәлімгерлер мен жаттықтырушылар да ерекше құрметке лайық.


«Сіздер табысқа жету жолында талмай күрестіңіздер. Азия Пара ойындарындағы бүгінгі жеңістер — болашақ Паралимпиада жетістіктері үшін маңызды қадам», — деді ол.
Үкімет басшысымен кездесуге құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), Нұрдәулет Жұмағали және Диас Кенжебек (пара жүзу), Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей және Олжас Оразалыұлы (пара дзюдо), Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика) қатысты.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу