Әлихан Смайылов: Елімізде биыл нан тапшылығы болмайды

07 қараша 2023, 15:15


Елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында белгілі болды.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алқап 24 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау науқаны аяқталуда. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 16,9 млн га (98,7%) жиналды. Орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық, оның ішінде 11,4 млн тонна бидай бастырылды.
Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жалпы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін жалпы астық түсімі 16 млн тонна. Бұл 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, елді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Сонымен қатар елімізде 4,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 3,5 млн тонна картоп және 1,6 млн тонна майлы дақылдар жиналды. Атап айтқанда 747,5 мың тонна күнбағыс бастырылды.
Премьер-Министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді.
«Қолайсыз ауарайы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті», — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
«Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жріп жатыре. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет», — деді ол.
Премьер-Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті, өйткені әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына да әсер етеді.

Осыған байланысты Әлихан Смайылов Агроөнеркәсіп кешеннің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу