Әлихан Смайылов бюджет қаражатын тиімді игеруді тапсырды

10 қазан 2023, 11:29

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысын белсенді жалғастыруы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек. Барлық жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және отандық азық-түлік өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы шетелдік және отандық инвесторларды тарта отырып, шикізаттық емес секторларда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм және басқа салаларда инвестжобаларды іске асыруды жеделдетуге баса көңіл бөлу керектігін баса айтты.

«Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша тиісті шараларды одан әрі жалғастыру қажет. Барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жыл соңына дейін қаражаттың, оның ішінде бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражаттың толық және тиімді игерілуін қамтамасыз етуі керек», — деді Премьер-Министр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді