Әлихан Смайылов: Бизнеске қойылып жүрген 10 мың артық талап қысқартылады

16 қараша 2023, 12:12

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде бизнесті қолдау бағытында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды.

«Соңғы жылдардағы оқиғалар жаһандық және аймақтық экономикаға орасан зор әсерін тигізді. Күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы сыртқы жағдайларға бейімделді және тұрақты өсу жолында. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,9%-ті құрады. Негізгі салалар бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6%-ке ұлғайып, 13,3 трлн теңгені құрады», — деді ол.

Премьер-Министр инфляция 10,8%-ке дейін баяулауына Үкімет пен Ұлттық банктің іс-шаралары ықпал еткенін атап өтті.
«Бизнестің мәселелері Үкіметте «Атамекен» палатасымен бірлесе тұрақты түрде қаралып келеді. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36,4%-ке дейін ұлғайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны биыл 14%-ке өсіп 4,3 млн адамды құрады. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі іс-шаралар қабылдануда. Мәселен, бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту үшін жаңа реттеуші саясат іске асырылуда. Қазірдің өзінде 9 мың артық талап қысқартылды. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңын қысқартамыз», — деді Үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу