Әлихан Смайылов: Бизнес қолда бар мүмкіндікті пайдалану керек

16 қараша 2023, 15:36

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумына қатысты.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауқымды іс-шара барысында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық тауар өндірушілер жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын шарттар мен оффтейк-келісімшарттарға қол қойды.
Форумның пленарлық отырысы басталар алдында Үкімет басшысы «Өндірісті локализациялау бойынша отандық тауар өндірушілердің болашағы мен мүмкіндіктері» атты цифрлық көрмемен танысты.
Көрмеде өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларында жұмыс істейтін барлығы 100-ден астам компания таныстырылды.
Премьер-Министр пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасы соңғы жылдарда сыртқы жағдайларға бейімделгенін және тұрақты өсу жолына түскенін баса айтты: «Үкімет пен Ұлттық банктің іс-шаралары арқасында инфляция 10,8 пайызға дейін, яғни 2 есеге баяулады. Алдымызда әрі қарай инфляцияны төмендету міндеті тұр. Тиісті шаралар кешені шеңберінде отандық өндіріс көлемін ұлғайту – негізгі бағыттарының бірі», — деді Әлихан Смайылов.

Кәсіпкерлікті дамыту және оны қолдау – Үкімет жұмысының негізгі бөлігі. Сондықтан бизнестің мәселелері Үкіметте «Атамекен» палатасымен бірлесе тұрақты түрде қаралып келеді.
«Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36,4%-ға дейін ұлғайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны биыл 14%-ға өсіп 4,3 млн адамды құрады», — деп атап өтті Премьер-Министр.Сонымен қатар республикада бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау  бағытында жүйелі іс-шаралар қабылдануда.
Мәселен, бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту үшін жаңа реттеуші саясат іске асырылуда.
Қазірдің өзінде 9 мың артық талап қысқартылды. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңы қысқарады.
Премьер-Министр Үкімет республиканың барлық өңірінің орта бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізгенін айтты. Оларға жергілікті өндірісті ұйымдастыруға перспективалары жоғары өнеркәсіптік бағыттар ұсынылды.
«Ол үшін инвестициялық заңнамада мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Бизнес өкілдерін өндірістерді локализациялау үшін белсенді жұмыс жасауға шақырамыз», — деді Премьер-Министр.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов қазақстандық қамтуды дамыту ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Осы мақсатта қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
«Бизнес қолда бар барлық мүмкіндікті пайдалануы керек. Үкімет өз тарапынан, Сіздердің барлық ұсыныстарыңызды, ой-пікірлеріңізді ескеруге дайын», — деді Премьер-Министр.

JQ-Aqparat

 

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу