Әлихан Смайылов: Биыл 1 миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр

17 қазан 2023, 11:09

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі жұмыс күші тапшы салаларды атады.
«Алдымызда биыл 1 миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Қазіргі таңда 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар. Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуы тиіс. Әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген», — деді Үкімет басшысы.
Айтуынша, өңірлердің халықты жұмыспен қамту бағытындағы жоспары мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылған.
«Әкімдіктер жастарды еңбекке тарту ісіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, бүгінгі күні энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-саласының мамандары қажет. Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері мемлекеттік білім беру гранттарының тізбесін қалыптастыру кезінде осыны ескеруі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді