Әлихан Смайылов: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет

13 қыркүйек 2023, 10:26

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inform.kz.

«8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді. Қалған өңірлер нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1 пайызға дейін төмендеді», — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы қажеттігін баса айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет. Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Министрліктер мен өңірлер өздеріне қарайтын экономика салаларында ай сайынғы орнықты өсімді қамтамасыз етуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді