Әлібек Қуантыров: Елімізде бизнесті жоспарлы тексеру екі есе азаяды

10 қараша 2023, 12:13


Кейінгі 5 жылда ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнес үлесінің тұрақты өсуі байқалып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.
«2019-2023 жылдар аралығында қазақстандық шағын және орта кәсіпкерліктің экономикаға қатысуы үлесі 31,7 пайыздан 36,4 пайызға дейін, яғни 4,7 пайыздық тармаққа өсті. 2023 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 23,8 пайызға өсіп, 4,2 млн адамға жетті», — деді Ә. Қуантыров Сенатта «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны 2,2 млн. Оның 99,9 пайызы шағын кәсіпкерлік, қалған 0,1 пайызы орта кәсіпкерлік субъектісі.
«Кәсіпкерлік белсенділік деңгейі 89,7 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілері арасында жұмыс істеп тұрғандарының үлесін білдіреді. Бұл ретте, орта кәсіпкерлік субъектілері арасындағы белсенділік шағын кәсіпкерлікке қарағанда 6,7 пайыздық тармаққа жоғары», — деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол елде үш жыл бойы шағын және микробизнеске тексеру жасауға мораторий қолданылып келе жатқанын еске салды.
«Бұдан бөлек, «таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті енгізіліп жатыр. 10 мыңнан астам өзекті емес талап анықталды. Оның 9 мыңы заңға тәуелді құжат деңгейде алынып тасталды, ал қалғандары Парламенттегi заң жобасы аясында жыл соңына дейін жойылады. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) автоматтандырылады, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап адамның қатысуынсыз тексерулерді белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды», — деді Әлібек Қуантыров.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу