Әлеуметтік желідегіні көріп, өміріне көңілі толмайтын әйелдер бар

24 қазан 2023, 16:02

Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде тұрмысқа шыққан жылдары мен бастан өткен қиындықтары жайлы сөз етті.

«Иә үйленген сәтімізді еске алатын болсақ, бәріміз тулаған сезіммен, үлкен бақытқа үмітпен қарадық. Отбасылық өмір, күнделікті тіршілік, екеудің бірі-бірінің кемшіліктерін көре бастауы араны суытады. Яғни адамның кемшілігі – оның нәпсісі. Тұрмыс құра сала, әйелдер жарының кемшіліктерін көріп, бірден қалған жақсылықтарын көрмей қалады. Мінсіз иллюзиясына жете алмай қалғандықтан, көңіл толмаушылық көбейеді. Осы жерден салыстыру басталады. Дәл қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі әдемі көріністерді көріп, өзінің өміріне көңілі толмай отырған әйелдер өте көп. Салыстыру өзіңдегіні көрмеуге әкеп соғады. Барыңды көрмей, жоқты іздейсің. Адам не нәрсеге көңіл аударса, сол көбейеді. Осы жерден ұрыс басталады.

«Отбасы бақыты, үй алғанда бәрі жақсы болады, жұмысым ауысқанда күшті болады» сынды нәрселерге байланбау керек. Кәусар туған соң 5 жылдай екі жақта өмір сүрдік. 3 айда бір кездесетін кездер болатын. Сол екі жақта жүргеніміз біздің махаббатымызды күшейтпесе, сөндірген жоқ. Иә, қиындығы көп болды. Ең бірінші – сағыныш. Бірақ махаббаттың хақысы бар ғой? Қиындықта күш беретін махаббат емес пе? Мен «Жарым неге өйтпейді, бүйтпейді?» деген жоқпын, бар ойым “мен қандай жармын? Осы сұраққа қалай жауап беремін?” деген оймен жүрдім”, – дейді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу