jasqazaq.kz

Әлеуметтік-еңбек саласына қатысты 18 мыңнан астам өтінішті ЖИ бар чат-бот өңдеді

23 қыркүйек 2025, 11:42

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Enbek» цифрлық экожүйесі аясында әлеуметтік-еңбек саласы бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың сәуір айында азаматтармен кері байланысты жеделдету және операторларға түсетін жүктемені азайту мақсатында интеллектуалды чат-бот іске қосылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасанды интеллект 18,7 мың өтінішті өңдеді.

Интеллектуалды чат-бот азаматтар мен байланыс орталығының арасындағы бастапқы өзара әрекетті автоматтандыруға арналған: пайдаланушыларға анықтамалық ақпарат беру, жиі қойылатын сұрақтар бойынша кеңес беру, сондай-ақ қажет болған жағдайда өтініштерді тиісті бөлімдерге жолдау функцияларын орындайды.

Чат-бот өтініштерді қабылдаудың бірыңғай кіру нүктесі ретінде жұмыс істейді және келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

– мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпаратты жедел ұсыну;

– цифрлық платформаларда бағдар алуға пайдаланушыларға көмек көрсету.

Жүйеге типтік өтініштерге автоматты түрде жауап беруге мүмкіндік беретін білім қоры жүктелген. Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, бұл барлық санаттағы пайдаланушыларға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Чат-ботты енгізу сұраныстарды өңдеу жылдамдығын арттыруға, операторлар жүктемесін азайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мәтіндік және дауыс арқылы берілген өтініштерді қоса алғанда, барлық өтініштердің 96%-ға дейінгі бөлігі жасанды интеллект арқылы автоматты түрде өңделуде.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыруды жеделдетуді және жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді тапсырған болатын.

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат