Бұрынғы алғашқы орта салмақта әлем чемпионы Деметриус Эндрэд (25-0, 16 КО) қазақстандық боксшыГеннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жұдырықтасқысы келетіндігін айтты. Бұл туралы sport.inform.kz хабарлайды.
«Головкин осы салмақта көптен бері өнер көрсетіп келе жатыр, онда барлық белбеу бар, тек WBO ғана жетіспейді. Ол өзінің шаршы алаңдағы шеберлігін көрсету үшін көптеген жұмыстар жасады», — деді Деметриус On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.
«Мен өзімді өте жақсы сезінемін және кез келген қарсыласқа табандылық көрсете аламын. Бұл жолда әуесқой бокстан бастап тәжірибесі бар Головкин маған кедергі келтіра алмайды», — деп атап өтті ол.