Әлектросамокат пен мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтіледі

28 тамыз 2023, 13:35

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек электросамокат пен мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптардың күшейтілгенін атап өтті.
«Мопед жүргізушілеріне велосипед жолымен және арнайы жолақпен, жол жиегімен, жаяу жүргіншілер жолмен жүруге тыйым салынады. Велосипед жолымен және арнайы жолақпен жүруге электросамокат жүргізушілеріне рұқсат етіледі. Электросамокат жүргізушілері велосипед жолымен және арнайы жолақпен болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес, жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда жүру керек. Жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек, – деді ол.
Сондай-ақ брифингте жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де айтылды.
Бұл туралы Салтанат Әзірбек: «Оқу жылы қарсаңында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Оқу орындарының төңірегінде арнайы сараптама жұмыстары жүргізілді. Жол жүру белгілері жаңартылды, тиісті жабдықтармен жабдықталып, қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Сондай-ақ, Алматы қаласында ең жиі жол апаты орын алатын учаскелер анықталды. Сол жерде жол-патрульді полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілді. Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ювеналды полицияның қызметкерлері жұмылдырылды. Алматыдағы мектептерде «Сергек» АӨК-нің 12 бекеті жұмыс істейді. Қосымша 2023 жылы «Сергек»АӨК-нің 97 бекетін орнату жоспарланып жатыр, – деді.
Сондай-ақ Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнекамералар, жаңадан 47 жол белгісі орнатылып, 10500 шаршы метр жолдың үстіне таңбалау сызықтары салыныпты.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз