jasqazaq.kz

Алексей Колосков: Мүгедектігі бар азаматтарға тиесілі әлеуметтік қолдау шаралары талан-таражға түспеуі тиіс

04 қыркүйек, 14:30

Шымкент қаласында әлеуметтік көмек пен тұрғын үйді бөлу, сондай-ақ мүгедек жандарға тиесілі квоталарды әділ үлестіру мәселесі әрдайым қоғам назарында. Осы орайда  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментіның бірінші орынбасары Алексей Колосков аталған бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды Jas Qazaq тілшісіне баяндап берді.

«Былтыр Департамент Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау барысында 21 тәуекел анықталды. Оның ішінде әлеуметтік қызметтер порталына қоғамдық қолжетімділіктің болмауы, әкімдік лауазымды тұлғаларының әлеуметтік портал арқылы жеткізілетін тауарлар мен қызметтерді қабылдау құқығына заңды негіздің жоқтығы, грант алушылардың деректерін салық органдарының ақпаратымен салыстыру қажеттілігі сияқты мәселелер бар. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар жандарға қатысты мәселелер де бар. Алайда оны өзге де тәуекелдерден бөліп қарастырылмайды. Осыған байланысты Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 33 ұсыным жолданды», — деді Департамент орынбасары.

Ал тұрғын үй кезегіне қатысты шағымдар жайлы ол соңғы алты айда Департаментке тұрғын үй кезегіне байланысты үш арыз-шағым түскен. Олар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданған. Алдағы жоспарларға қатысты ол Мемлекет басшысының биылғы 30 маусымдағы №927 Жарлығын атап өтті: «Аталған Жарлыққа сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және мәдениетті қалыптастыру функциялары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді. Сондықтан әлеуметтік саладағы жаңа жобалар мен бастамаларды осы Агенттік жүзеге асыратын болады.
Әсіресе мүгедектігі бар азаматтарға тиесілі әлеуметтік қолдау шаралары ешқашан талан-таражға түспеуі тиіс. Бұл – олардың заңды құқығы, оларға тиесілі дүниеге ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ», – деді Алексей Колосков.

Олжас Әбдіхалық

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік