Алаяқтығы үшін сотталған азамат Украинадан экстрадицияланды

27 қыркүйек 2023, 12:42

Алаяқтық үшін сотталған азамат
Украинадан елімізге экстрадицияланды.
Украинаның Әділет  министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған М. деген азаматты Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.
Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.
2019 жылы М. соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында із суытқан соң іздеуге жарияланды. Биылғы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.
Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері  оны біздің елге экстрадициялады.
Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлағандай, қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді