Алаяқтар «RustDesk» қосымшасымен жұртты алдауда

04 тамыз 2023, 10:28


Екі алаяқ Ақмола тұрғынының атынан 9 миллион теңге несие рәсімдеген, — деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Ұялы телефонына қашықтан қол жеткізу қосымшасын орнатқан қылмыскерлердің кезекті құрбаны 27 шілдеде полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы өтініш білдірді.
Әйел ұялы телефонына белгісіз қыздың қоңырау шалғанын, өзін KaspiBank-тің қызметкері ретінде таныстырғанын және өтініш берушінің деректерін нақтылай келе, оның атынан 15 миллион теңге сомасында несиеге 4 өтінім берілгенін хабарлады. Күдікті әйелді мұны алаяқтар жасағанына және несие беруден бас тарту үшін шұғыл түрде белгілі бір операциялар жасау керек екеніне сендірген.
Күдікті телефонға «RustDesk» қашықтан қол жеткізу қосымшасын жедел жүктеуді талап еткен. Бұдан әрі жәбірленушімен күдіктінің сыбайласы «жұмыс істеген». Ол осы қосымшаның көмегімен әйелдің жеке кабинеттеріне қол жеткізіп және оған әртүрлі банктерде онлайн-несиелер рәсімдеп, сондай-ақ оның шотында 556 мың теңге сомасында сақталған ақшалай жинақтарды ұрлап кеткен.
Жалпы шығын көлемі 9 миллион 114 мың теңге болды. Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады