Алаяққа алданған зейнеткердің ақшасы қайтарылды (Видео)

10 қазан 2023, 10:46

БҚО полицейлері зейнеткердің алаяққа бермек болған ақшасын қайтарып берді. Polisia.kz. хабарлағандай, 10 қазан күні Орал қалалық полиция бөліміне 84 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз келіп түсті. Зейнеткер әйел өзіне белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, немересінің жол апатына түскенін және ол ауруханада жатқанын және сол жол-көлік оқиғасына немересінің кінәлі екенін айтып, шығынды өтеу үшін жәбірленушіге жедел түрде ақша беру қажет болғанын жеткізеді. Үрейі ұшқан әжесі бар жиған-терген 1,5 миллион теңге көліміндегі ақшасын сөмкеге салып, мекенжайына келген такси жүргізушісіне ұстата салады. Біраз уақыттан кейін әйел немересімен хабарласып, бәрі дұрыс екеніне көзі жетіп, телефон алаяқтарының құрбаны болғанын білді. Тексеру барысында алаяқтар тапсырыс беру қосымшасы арқылы жергілікті такси жүргізушісін ақшаны алып кету үшін қолданғаны анықталып, одан әрі белгіленген келісімшарт бойынша ол Атырау қаласына жеткізу қажет болған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді