jasqazaq.kz

Алаяқ әйелдің амалы

22 қантар 2021, 11:10

Өзін Алтынаймын, дәрігермін деп таныстырған әйелдің қылмысы әшкереленді. Қытайда туған, бұрын сотталған бикеш бала көтере алмаған әйелдерді «бедеуліктен емдеймін» деп алдап, ақша тауып жүріпті. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Канат Таймерденов өз парақшасында жариялады. Ол күдіктінің суретін де салыпты.

Қ.Таймерденов «Алматыда өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған әйел бедеуліктен емдеуге уәде береді. Іс жүзінде 1986 жылы туған Н. есімді азаматша – ҚХР тумасы, іздеудегі қылмыскер. Бұрын сотталған. Алматы облысындағы әріптестеріміз алаяқтық жасағаны үшін бұл азаматшаға іздеу салғаны анықталды», – дейді.

Белгілі болғандай, сот билігінен жасырынып жүрген қылмыскер бірнеше заңсыз әрекет жасаған. Өзін медициналық мекемелердің бірінің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп бедеулікті, өзге де гинекологиялық ауруларды емдей алатынын айтып, алдайды. Ол үшін алдын ала сыйақы талап еткен. Зардап шеккендермен кездескен кезде әйел өзін «Алтынай» деп таныстырады. Ол адамды қалай сендіру керектігін әбден меңгерген. Сондықтан оның арбауына сеніп, алданып қалу оңай.

Қанат Таймерденовтың айтуынша, қазір күдікті қамауға алынған:

«Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодесінің 190-бабы бойынша жүргізілуде. Біз оны одан басқа бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеміз. Сондықтан оның жүзін көпшілікке жария етеміз. Осы әйелдің әрекетінен зардап шеккен азаматтарға құзырлы орындарға арыздануға болады.

Жарас Кемелжан

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді