Аланияда отандастарымыз мінген көліктің жүргізушісі мен гид қаза болды (Видео)

30 шiлде 2023, 17:40

 

Анталия уәлаятына қарасты Аланияда болған жол апатында 2 кісі қаза болып, 10 жолаушы жарақат алды. Түркияның IHA ақпарат агенттігінің тілшісі оқиға орнынан хабарлағандай, жол апаты таңғы сағат 5-те болған. Минибус Қазақстаннан барған 12 туристі әуежайға апара жатқан. Шағын автобус бағдаршамға тоқтаған жүк көлігінің артынан барып соғады. Агенттіктің  ақпаратында қатты соққыдан алдыңғы бөлігі жаншылған минибустың жүргізушісі 48 жастағы Мәуліт Отызоғлу мен 26 жасар украиналық гид Диана Волуцканың сол жерде тіл тартпай кеткені айтылды. Сондай-ақ, көліктегі 10 турист түрлі деңгейде жарақат алды, алтауының жағдайы ауыр деседі. Жергілікті жедел жәрдем қызметі оларды ауруханаға жеткізді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі төтенше оқиғадан кейін еліміздің Консулы оқиға орнына аттанғанын жеткізді.

Сондай-ақ бүгін Түркияның демалыс аймағында тағы бір жол апаты болды. Туристер мінген автобус 50 биіктіктен құлады. Қаза тапқандар мен жараланғандарға қатысты мәлімет анықталып жптыр.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады