jasqazaq.kz

Алан Әжібаев: Журналистер қауесеттерді жиі қолданады

15 қазан 2016, 0:01

1473155115_55

ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаевтың айтуынша, журналистер шындыққа жанаспайтын ақпараттарды жиі қолданады. Сондықтан «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының концепциясыа журналистерді мәліметті тексеруге міндеттеуді ұсыну қарастырылып отыр.

«Жалған ақпараттарға келер болсақ, өздеріңіз білесіздер, бүгінде журналистер қауесеттерді немесе шындыққа жанаспайтын қандай да бір ақпараттарды өте жиі қолданады, оларды интернетке жариялайды. Жалпы алғанда журналистік этика бойынша, журналистің мәліметтің қайнарын іздеуі өте маңызды. Сондықтан заң жобасының бұл концепциясында біз журналистердің ақпараттың қайнар көзін іздеуіне немесе мемлекеттік органдарға, баспасөз қызметіне, баспасөз хатшысына хабарласып, белгілі бір мәселе бойынша нақты түсінік алуына назар аударуға тырысып жатырмыз», — деді Алан Әжібаев Әділет министрлігінің ведомствоаралық комиссиясының отырысында.

Жалған мәлімет таратудың жауапкершілігі мен заң жобасын ұсынудың мерзімі туралы вице-министр айтпады. Алан Әжібай бұл әзірше заң жобасының концепциясы ғана екенін айтып, белгілі бір жаңа өзгерістер туралы әркімнің де пікір білдіре алатынын атап өтті.

 

Tengrinews.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді