jasqazaq.kz

Алагөзовке қатысты істің жаңа деректері пайда болды

28 қараша 2017, 16:31

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовке қатысты істің жаңа деректері пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалхатына жауап берген ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов айтты.

«2017 жылдың 15 тамызында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2010 әскери бөлімінің анықтау бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігінде («Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Азамат Т.Т.Алагөзов бұл қылмыстық іс аясында куәгер», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергеу кезеңінде екені айтылады. Алайда іс бойынша қорытынды процесстік шешім қабылданбағандықтан, ведомство өзге мәлімет берілмейді екен. Айта кетейік, бұл бап бойынша жаза — шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. Еске салайық, осыған дейін Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынғаны хабарланған еді. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалхатына берген жауабында Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынған.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда