Актер Рамазан Амантай отбасындағы құпиясымен бөлісті

11 тамыз 2023, 10:56

Актер Рамазан Амантай көптеген хит әннің сөзін жазған ақын, жары Гульфарумен кездескен кезде бірден үйленеміз деп айтқаны туралы жеткізді.

«Менің енді таныстығымды бүкіл ел білетін шығар. Белгілі бір арнаға түсірілімге барғанда сырттай бірден ұнатып, сөйлесіп кешкісін театрға шақырдым. Өзі де тартымды, салмақты қыз. Маған бірден ұнады. Сұлулығын ұнаттым. Ол кезде толықсыған, әппақ қыз еді. Қазір басқаша болып кетті. Театрға бардық, оның алғашқы жігітпен кездесуі екен. Маған тұрмысқа шығасың ба дедім. Бірден келісім бермейді ғой енді. Дегенмен ол сасқалақтап, түсінбей қалды. 1 айдан кейін мен ата-анаммен таныстырып тастадым. Тойдың уақыты өтті, тез-тез үйленіп тастадық», — дейді ол.

Қазір үйде балаға қарап отыр. Дегенмен өзі бірнәрсе бастағысы келіп жүр. Мамандығы журналист. Ол сала бойынша қазір жұмыс істегісі келмейді. Көбіне сату, кәсіп бойынша икемі бар. Оны мен әрқашан қолдайтынымды айттым.
Келіншегімнің түсіне атам Амантай кірген.

«Қыз туылайын деп жүргенде. Марқұм атам келінінің түсіне кіріп мына туайын деп жатқан қыз менің орнымды басатын, Алла несібесін мол қылып бөліп жатыр деп атын «Несібелі» деп қойыңдар деп айтыпты. Түскі уақытта мен ұйықтап жатсам, келіншегім мені оятады содан не керек шошып оянып мен тұрдым. Ентігіп мән-жайды айтып берді. Содан сол түстен кейін әруақтардан аттай алмадық. Мен имамдармен ақылдастым. Несібелі деген есім өте тамаша есім. Дегенмен көнерген есім болғандықтан оны да уайымдадым, шыны керек. Имамдардан, ұстаздардан сұрадым. Ол кісілер: «Сол атты қойыңыздар деп кеңесін берді. Себебі ертең қызыңызға бірнәрсе болса, өмір бойы өкініп жүресіз», — деді. Сондықтан сол атты қоюға тура келді», — дейді актер.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады