Әкім сайлауы: мақтаралдық әжелер мен келіндер сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп дауыс берді

05 қараша 2023, 15:00

Түркістан облысының Мақтарал ауданында әжелер мен келіндер сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп дауыс берді, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгінгі Мақтарал ауданы әкімінің сайлауында түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Өргебас ауылындағы Қасым Аманжолов жалпы орта мектебінде орналасқан №401 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген ақ жаулықты ауыл әжелері мен келіндер жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті.

Әжелер алқасының округтегі төрайымы Гүлжан Қамбарбекова қазақ әйелдері ерте заманнан қоғам тіршілігіне етене араласып, мемлекетті басқарғанын атты. Сондықтан, қазіргі жас қыздарға, келіндерге үлгі болуы үшін бүгінгі сайлауға көп болып қатысып, дауыс бергендерін жеткізді. Әжелер мен келіндер арасындағы сабақтастықтын үлгісін көрсеткен олар көпшілікті саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, бүгін көпбалалы аналар мен 100 жастан асқан 4 мақтааралдық та өз таңдауларын жасайды деп күтілуде.

Ал, Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны, ең жас сайлаушы Нұрайым Жұмәділдә №694 сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет өз таңдауын жасады.

«Бүгін мен сайлау учаскесіне келіп, ауданның белсенді жас азаматшасы ретінде алғаш рет өз таңдауымды жасадым. Еліміз бен ауданымыздың болашағына жастар бей- жай қарамайды деп білемін. Сондықтанда әрбір замандастарымды саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын», — деді жас сайлаушы.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу