jasqazaq.kz

Ақжол Мейірбеков: «МузАрт» ізбасар дайындайтын жаста емес

15 қазан 2017, 6:23

Аты аңызға айналған «ДосМұқасан» тобының мүшесі Ақжол Мейірбеков «Музарттықтар белі мен буыны қатпаған жас әлі. Олар үлкенмін, кісімін деп ойламау керек. Жасайтын жұмыстары, айтпаған әндері өте көп. Сондықтан да ізбасар таңдайтындай жасқа жеткен жоқ»- дейді бізге берген сұхбатында.

Сондай-ақ « Телеарналар ұсыныс жасап, бізді төрге отырғызып, әндерімізді жастарға орындатса қуанамызғой арине. «ДосМұқасанның» ізбасары міндетті түрде болу керек. Болады да. Биыл 50 жылдық кешімізді өткізіп жатырмыз. Бірақ осымен болдық, толдық дей алмаймыз. Ары қарай жұмыс жасаймыз. 60-70 жасымызда  да халықтың ортасында ән шырқап жүре бергіміз келеді. Сол сияқты Музарттың да тойлайтын талай мерейтойы бар» — дейді А.Мейірбеков.

Бұған қоса «ДосМұқасанның» ізбасарын іздеу жобасы қолға алынса,  атын «Live» деп емес, қазақи етіп қоятындарын жеткізді.

Шәкірт тәрбиелеп, жарты жолда қалдыратын әншілерге сын айтқан Ақжол аға сөзін былай жалғады:  «Бүгінде жас буын әншілер шәкірт тәрбиелеуде. «Жұлдыз» қылам деп 1-2 сайыстарға қатыстырады. Кейіннен ғұмыры ұзаққа бармай жатады. Жаққан жұлдыздары тез сөнеді. Мысалы, Музарт Live жобасының шешуші кезеңінде өзімде төрелік еттім. Жастар өте талантты, дарынды. Музарттың жалғасы ретінде таңдалғасын, тайсалмаса екен дейміз. Ендігі кезекте олар кәсіби шыңдалып, еңбектену керек. Халық алдында іріктелгесін, іркіліп қалмауы шарт»

Салтанат Шырынхан

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді