jasqazaq.kz

Ақтөбеде оқушы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін жарақаттады

04 желтоқсан 2025, 11:04

Ақтөбеде мектеп оқушысы туған анасын пышақтап өлтірді. Қандықол күдікті сол суық қарумен үйдегі қарт әжесін де жарақаттаған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Жасөспірімнің мұндай жауыздығы жұртты шошытты. Ол 41 жастағы анасын пышақтап өлтіріп, әжесіне де қару сілтеген. Пәтерде қансырап жатқан зейнеткерді тәртіп сақшылары тапқан. Оны дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіптіі. Немересі қастық қылған әже аман. Ал оқушы Ақтөбедегі мектептердің бірінде он бірінші сыныпта оқиды. Оқуда озат жасөспірімнің мұндай қылмысқа неге барғанын ешкім ашып айтпайды. Ол өз кінәсін бірден мойындаған.

Әліби Латып, Ақтөбе облысы бала құқығын қорғау басқармасының басшысы: — Кәмелетке толмаған бала тарапынан адам өлтіру фактісі болды. Өкінішті жағдай. Баланың жасы он алтыда. Мінезі тұйық. Толық отбасынан. Әлеумет жағдайы да, оқу үлгерімі де жақсы. Тергеу жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат тарата алмаймыз.

Сурет: istockphoto.com
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады