jasqazaq.kz

Ақтөбеде қала әкіміне әйелді ұрып-соқты деген айып тағылды

24 қыркүйек 2025, 11:20

Қардыағаш қаласының әкіміне қатысты іс Мұғалжар аудандық сотында қаралып жатыр. Сотта дәрігер, сот сарапшысы, мемлекеттік қызметші, блогер куәлік етті.

Inform.kz хабарлағандай, Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкіміне қатысты іс қарала бастады. Оған Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылды. Сот отырысы кезінде сотталушы өзінің отбасылы, мемлекеттік қызметші екенін айтып, аты-жөнін жариялауға қарсылық білдірді. Әрі тағылған айыппен келіспеді, жәбірленушімен татуласпады.

— 2024 жылдың 26 желтоқсанында Қандыағаш қалалық әкімдігінің ғимаратындағы қала әкімінің кабинетіне танысы барады. Арасындағы түсініспеушіліктен жанжал басталған. Айыпталушы дауыс көтеріп, танысына ашуланып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Қасына барып, мойнынан қысып ұстап, сол жақ бас және мұрын тұсынан бірнеше рет ұрған. Денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келтіріп, Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1 бөлігімен көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасаған, — деді прокурор Аманжолов.

Сот отырысы кезінде жәбірленуші әйел екі арадағы қарым-қатынастың ақ-қарасын анықтау үшін әкімдікке барғанын айтты. Алайда сотталушы өзіне күш қолданып, дәрігерге қаралғанын жеткізді.

— Мойнымдағы жарақатты көрген соң дәрігер қайдан жарақат алғанымды сұрады. Мен бұл кісінің аты-жөнін атай алмадым. Бірақ қызметі әкімдікте, лауазымды тұлға деп айттым. Ауруханаға полиция қызметкерлері келді. Олар 24 сағатта арыз қаралатынын айтқан соң құлап қалғанымды жаздым. Қазіргі таңда болған оқиғаны қалай бар, солай жариялап, тәртіптік жаза сұрауды жөн көріп отырмын. Ойлана келе арыз жазамын деп шештім, — деді жәбірленуші.

Айта кетейік, жәбірленушіде ауруханадағы анықтаманың уақыты 27 желтоқсан деп тұр. Оның себебін дәрігерлердің қателігі деп түсіндірді. Ал арыздың неліктен жарты жылдан соң жазылғанын «полиция дәлел жеткіліксіз деп қабылдамады, кейін прокуратураға шығым жаздым» деп түсіндірді. Жәбірленуші өзіне жергілікті блогер, жұмыс орнының басшысы, өзге балабақша меңгерушісі хабарласып, арызды қайтарып алуын сұрағанын жеткізді. Ол мұны жанама қысым деп түсінген.

Сот отырысы жалғасып жатыр.

Фото: inform.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады