jasqazaq.kz

Ақтөбеде қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады

22 желтоқсан 2025, 12:34

 Оқиға сенбі күні болды. Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде өз-өзіне қол жұмсаған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

— Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов та оқиғаны растады.

— Мұндай оқиға болғаны рас. Қазіргі таңда жан-жақты қаралып, тергеу жүріп жатыр. Балалары бар, — деді аудан әкімі.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, оқиға сенбі күні кешкілік тіркелді. Ол сол күні жолдастарымен қонақта болды.

Фото: gov.kz

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге