jasqazaq.kz

Ақтөбеде екі келін ата-енесінің үйінде төбелесіп қалды: оларға сот үкімі шықты

10 шiлде 2025, 15:04

Ақтөбеде №2 қалалық сот екі әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша («Дене ауруын келтіретін, бірақ жеңіл дәрежеде зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері») үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жанжал енесінің үйінде болған

Сот мәліметінше, 2025 жылдың мамырында енесінің үйінде екі келін арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Оқиға барысында екеуі де сөзге келіп қалып, нәтижесінде екеуі де дене жарақатын алған.

Сот процесі және дәлелдер

Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда олардың оқиғаға қатысы жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптары, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдары арқылы дәлелденді.

Сот үкім шығару кезінде екі әйелдің де жас балалары барын ескеріп, бұл жағдайды жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды (ҚК 53-бап). Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Үкім: 98 300 теңге айыппұл

Сот үкімімен екі әйел де кінәлі деп танылып, әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 98 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда бұл үкім заңды күшіне енген жоқ және белгіленген тәртіп бойынша шағым жасауға болады.

Фото: Sputnik

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді