Ақтау портынан 2,1 млн тонна мұнай жөнелтілді

08 қыркүйек 2023, 20:21


Транскаспий дәлізінің қуаты арта түсті! Биылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау айлағынан жөнелтілетін «қара алтын» көлемі 54 пайызға артып, 2 млн 164 мың тоннаны құрады.
«ҚазТрансОйл» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған мерзімде Бакудегі портқа 838 мың тонна мұнай жеткізілген. Өткен жылы осы кезеңдегі көрсеткіш 69 мың тонна болатын. Ал Ресейдегі Махачкала портына 1 млн 327 мың тонна қара май жөнелтілді.
Қазақ мұнайы Транскаспий дәлізі арқылы Баку-Тбилиси-Жейһан құбыр желісімен әлемдік базарға жеткізіледі. «ҚазМұнайГаз» бен Әзірбайжанның SOKAR компаниясы арасында жасалған уағдаластық осы бағытпен жылына 1,5 млн тонна өнім тасымалдауды көздейді.

JQ-Naryq

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді