jasqazaq.kz

Ақтауда жұрттың үрейін ұшырған күдіктілерді іздеп жатыр

11 қараша 2025, 10:18

Сурет: Видеодан кадр

«Ақтау мектептерінде жаппай қантөгіс болады» деп. жұрттың үрейін ұшырған күдіктілер іздестіріліп жатыр. Олар әлеуметтік желіге, қаладағы білім ошақтарында лаңкестік болады деген жалған ақпарат таратып, ата-аналар баласын мектепке жіберуге қорқып қалған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Тіпті түнгі мезгілінде қала орталығындағы Ak Kala Mall ойын-сауық орталығына да бомба қойылғанын айтып, жұртты әбден дүрліктірді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары тайлы-тұяғы қалмай қаладағы мектептердің жертөлесі мен қуыс-қуысын түгел тексеріп шықты. Тіпті жарылғыш зат қойылды деген сауда орталығын да саперлар тінтіп шыққан. Бірақ ешқандай бомба табылмады. Енді тәртіп сақшылары тұрғындардың зәре-құтын қашырған жазбаның авторын іздестіріп жатыр.

Ілияс Жұмағұлов, Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары — Маңғыстау облысы полиция департаменті хабарламада көрсетілген барлық мектепті тексерді. Мекемелердің қауіпсіз екені анықталды. Әр нысан бойынша тиісті акті рәсімделді. Қосымша тексеру алдағы уақытта жалғасатын болады.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді