jasqazaq.kz

Ақтауда 1967 жылы жазылған үндеу көмілген орнынан табылмады

29 қараша 2017, 16:27

2017 жылғы ұрпаққа арналған «уақыт капсуласы» Ақтау орталығында көмілген болатын, алайда қаза келе орнында жоқ болып шықты, деп жазады жергілікті «Лада» басылымы.

Маңғыстаулық тың игерушілер 1967 жылы капсула көміп, оны 2017 жылы 7 қарашада қазып алуды өсиет еткен. Алайда қаланың билік өкілдері мен ақсақалдар алқасы салтанатты 1 желтоқсанға қалдырып, Тұңғыш президент күніне орай өткізбек болыпты.

Капсуланы іздеуге көп уақыт кетірмеу үшін, қазба жұмысын 28 қарашада жүргізуге шешім қабылданды. Алайда капсула еш табылмай, іздеу келесі күнге жалғасты.
Бүгін 29 қарашада «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары ескерткіштің бетон тұғырын қазып алып, көтергенімен, 50 жыл бұрын жазылған хат сақталған капсула табылмапты.

Әрі қарай бұл мәселе ұйымдастыру комитеті жиналысында қаралып, шешім қабылданатын болады.
Ақтау әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бисенғали Кенжалиевтің айтуынша, капсуланы 90-шы жылдары вандалдар ұрлаған болуы мүмкін.

sputniknews.kz

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда