«Ақшамызды қайтарсын» Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды (Видео)

11 қазан 2023, 11:04

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың басы дауға қалды. Спортшының курсын сатып алып, бірақ көңілі толмағандар ақшасын талап етіп жатыр. Тіпті бір адам полицияға арыз түсірген, — деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Танымал спортшы биыл мамырда қыздарға арналған қауымдастық құратынын жариялаған. Маусымда тәлімгер курсын ашып, сатылымға шығарады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның бағасы 290 мың теңге болған. Шамасы жетпегендер тіпті несиеге сатып алған. Негізі мұндай курстың мақсаты — жетістікке жеткен тұлғалар тәлімгерлерге өз тәжірибесін бөліседі.

Алайда бір айға жетпей, Алтынбекованың курсына кейбір қыздардың көңілі толмай шықты. «Ақшасы мен берген білімі мүлдем сай емес» деп шулап, ақырында қаражатты қайтаруын талап етеді. Бірақ табысы тәуір спортшылар қатарындағы. Ақпарат құралдарында спортшының менеджері «тиісті қызмет көрсеттік, курс ақысы қайтарылмайды» деп айтқан.

«Алматы ПД өкілдері бұл дерек бойынша Р. есімді азаматтың арызы Түрксіб ауданы полиция басқармасына 6 қазанда келіп түскенін хабарлайды. ҚР ҚІЖК 179-бабының талаптарын негізге ала отырып, тараптар арасында шарттық қатынас болуын ескере отырып, Р. есімді азаматқа азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды», — деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұл мәселеге қатысты волейболшының менеджері жауап берді.

«Иә, шынында да, біз басқа продюсерлермен бірге биыл маусым онлайн курс аштық. Көбі курсты бөліп төлеу арқылы сатып алды. Орындаушы қызмет көрсетті, яғни сабақтарға толық қолжетімділікті қамтамасыз етті, кураторлармен чатқа қосты, кері байланыс үшін тәлімгерлермен топтық қоңыраулар да ұйымдастырылып жатыр. Оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі», — деді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді