jasqazaq.kz

«Ақшадан өлдіңдер ме?» Блогер Алексей Лодочников әншілерді сынға алды

15 желтоқсан 2025, 14:16

Блогер Алексей Лодочников әлеуметтік желідегі парақшасында жетімдер үйіне шақырса да келмеген әншілерді сын айтты.

Ол: «Алғаш өткізген «Жұлдыз болғым келеді» конкурсын аяқтадық. Осы конкурс аясында мен көптеген атақты әншілер мен ел алдында жүрген адамдарға хабарластым. Жюри құрмында балалармен бірге ән айтсын дедім. Кейбірі менің хабарламамды оқымаған, бұл жерде енді ештеңе айта алмаймын, мүмкін уақыттары жоқ шығар. Мен әншілерге осы байқауға келіп, ән айтып берсе деген өтініш айттым. Қаламақысын да шамам келгенше төлейін дедім.
Толық ақшаны төлейін десем, ондай бюджет те, өзімде де ақша жоқ. Жай балалар үйіндегі бүлдіршіндерге қолдау көрсетсе деп ойлаған едім. Кейбір балалар мүмкін олармен бірге сахнада ән айтуды, оларды көруді армандайтын шығар. Қалай болғанмен бұл әлеуметтік жоба ғой.
Бірақ ешқайсысы пысқырмады. бағаларын көрсеңіздер? Сосын мен тіпті жай ғана 5 секундқа видео сәлем жолдасаңыздар деп айттым. Бағасы 500 мың теңге, кейбірі 1 млн деді.
Мынадай әртістің видеосы 1,5 млн болады деді, ішімнен ойладым да қойдым. Бұл жерде тек бірақ нәрсе ғана айтқым келеді: Көктен жерге түсіңдер. Ешкімнің есімін жария етпей-ақ қояйын.

Әсіресе жас әртістер, төбеден жерге түсіңіздер. Не үшін мен сіздерге жаздым? Өйткені жасөспірімдер сіздерді тыңдайды. Қайдағы 500 мың, 1 млн теңге? Бір өлең жазған соң, жұлдыз болып кеттіңдер ме? Сіздердің әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз қайда?» — деп жазды.
«Ұяттарың бар ма, ақшадан өлдіңдер ме?» — деп аяқтады ол сөзін.
Блогердің жанайқайына біреулер: «Сол әншілердің аты-жөнін ашық айту керек» деп жазып жатыр.

JQ-Aqparat

Фото: baq.kz

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)