jasqazaq.kz

АҚШ-та енді қорғаныс емес, соғыс министрлігі болады

06 қыркүйек 2025, 13:13

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі қорғаныс министрлігінің атауын “Соғыс министрлігі” деп өзгертетін жарлыққа қол қойды.
Ақ үй қожайыны “Біз бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарда жеңіске жеттік” дей келе, мұндай шешім жаһандық ахуалды ескере отырып, қабылданғанын алға тартты. Ол жиналған қауымға үн қата отырып, “Құрметті соғыс министріміз Пете Хегсеттің бір ауыз сөз айтуын сұраймын” деді.
Пентагонның атауын өзгертуге қатысты ұсыныс Конгресте мақұлданса, АҚШ-та соғыс министрлігіне қайта оралады. Бұл елде мұндай мекеме 1789 жылы құрылған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқтплған соң, яғни 1947 жылы қорғаныс министрлігі деп өзгертілген. Ұлыбритания да “War Office” (Соғыс мекемесі) атауын қорғаныс министрлігі деп ауыстырды.
Кейбір сарапшылар бұл шешімді АҚШ-тың өзі мойындаған БҰҰ Жарғысындағы шабуыл емес, “Өзін өзі қорғау” қағидатына қайшы келеді деп бағалады.
JQ-Aqparat

Сурет: aa.com.tr

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат