jasqazaq.kz

АҚШ IQOS-ты нарыққа шығаруға рұқсат етті

20 мамыр 2019, 11:58

АҚШ-тың дәрі-дәрмек пен азық-түлік сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқармасы (FDA) «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы өндіретін темекіні қыздырудың электрлі жүйесі қоғамдық денсаулық сақтау талабына сәйкес келеді және АҚШ аумағындағы құрал-жабдықты сатуға рұқсат берілгенін растады.

Ендеше, IQOS дегеніміз не? IQOS – шылым шегудің инновациялық баламасы. 2009 жылы әлгінде аталған басқарма (FDA) IQOS темекіні қыздыру жүйелерін АҚШ аумағында сатуға рұқсат берілгенін және IQOS әдеттегі темекіге қарағанда зиянды заттарды әлдеқайда аз шығаратыны туралы мәлімдеді. «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясының бас директоры мұны тарихи сәтке балайды.

«FDA-ның IQOS-ды АҚШ-та сатуға рұқсат беру туралы шешімі 40 миллионға жуық шылым шегетін американдықтар үшін маңызды қадам. Бірсыпырасы бұл теріс әдеттен бас тартады, бірақ көпшілігі темекіні тастамайды, олар үшін Aйкос темекі шегудің орнына ауыса алатын түтінсіз балама. Небәрі екі жылда бүкіл әлемде 7,3 миллион адам темекіден бас тартты және IQOS-ға толығымен ауысты. FDA бұл шешімі кәмелеттік жастағы американдықтар үшін осы балама қол жеткізу мүмкіндігін берді. Компания темекіні түтінсіз балама өнімге алмастыруды көздейді. FDA мәлімдемесі шын мәнінде тарихи сәт», — дейді Андре Калантзопулос.

Сонымен, FDA ұсынған өнімдерді нарыққа енгізудің қандай ережелері бар? FDA қаулысында өнімді нарыққа шығарудың нақты ережелері және маркетингтік тәжірибеге қойылатын талаптармен қоса, ересек адамдардың жаңа өнімге ауысуы темекіні тастауға барынша ықпал ететіні туралы анық жазылған.

«Филип Моррис Интернэшнл» Америка Құрама Штаттарында IQOS-ты табысты іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар Altria Group, Inc және оның еншілес компаниясы Филип Морриспен эксклюзивті лицензиялық келісім арқылы АҚШ нарығына IQOS енгізеді. ФМИ FDA-ға IQOS-ны алдын-ала мақұлдағаны үшін қажетті құжаттар ұсынды.

FDA әлемдегі тамақ өнімдерінің сапасын, дәрілік заттарды, темекі өнімдерін және т.б. бақылайтын ең беделді ұйымдардың бірі болып табылады. IQOS аэрозолындағы токсиндердің аздығы туралы мәлімдеме мен FDA-ның бұған қатысты шешімі «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясының жеңісін білдіреді. Бұл технология компанияның темекі шегудің орнына «түтінсіз болашаққа» қол жеткізудің кілті іспеттес.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады