Ақпарат министрлігі Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді

14 тамыз 2023, 12:41

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға құқықтық көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Әмиша түсініктеме берді.

Ол Facebook желісінде былай деп жазды: «Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналистке қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын».

11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады