jasqazaq.kz

Ақмола облысында үш жаңа медициналық мекеме ашылды

07 қазан 2025, 16:50

Ақмола облысында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Целиноград ауданында үш жаңа медициналық нысан ашылды.

Жаңа мекемелер Арайлы, Төңкеріс және Ынтымақ ауылдарында жұмысын бастады. Арайлы ауылында бір ауысымда 50 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория ашылды. Мұнда 2,8 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Амбулаторияда алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, екпе егу мен зертханалық тексерулер жүргізіледі.

Төңкеріс ауылында 1,5 мың адамға қызмет көрсететін фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Мұнда тұрғындар алғашқы медициналық көмек алып, профилактикалық тексеруден және скринингтік бағдарламалардан өте алады. Ынтымақ ауылында 1 мыңнан астам тұрғынға арналған жаңа медициналық пункт ашылды. Онда дәрігерге дейінгі қабылдау, қарау және процедура кабинеттері бар, заманауи медициналық жабдықтар орнатылған.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова ауылдық денсаулық сақтау саласын дамыту өңірдің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – әр тұрғынға, қай жерде тұрса да, сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа нысандар – бұл ауыл тұрғындарының ертеңгі күнге деген сенімі және ауыл өмірін жақсартуға бағытталған маңызды қадам», – деді ол.
Целиноград ауданының медицина саласының ардагері Тоқтар Қожабаева жаңа жағдайлардың бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы екенін айтты.

«Бұрын жалға алынған ғимаратта жұмыс істейтінбіз. Қазір бізде физиотерапия, емдік дене шынықтыру, жөтелге арналған және видеокольпоскоп кабинеттері бар заманауи ғимарат. Сондай-ақ жұқпалы аурулар күдігі бар пациенттер үшін бөлек кіреберіс те қарастырылған», – деді ол.

Жаңа медициналық нысандардың ашылуы ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын және оның қолжетімділігін арттырады. Бұл халыққа көмек көрсетуді жеңілдетіп, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat

Сурет: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады