jasqazaq.kz

Ақмола облысында АӨК пен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

06 қантар, 20:59

Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақмола облысында Ауыл шаруашылыға министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне AI технологиялары енгізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өңірлік IT-хабты дамыту облыстың технологиялық өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналуда. Биыл облыста креативті технологиялар орталығы — Tumo Center, сондай-ақ жастардың тәжірибелік сабақтар өтуіне арналған Ақкөл, Қосшы және Жақсы қалаларында үш Tumo Classroom кампусы ашылады. Сонымен қатар Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында Tumottow инновациялық мектебін ашу жөнінде меморандумға қол қойылды.
Аграрлық сектордың тиімділігін арттыру мақсатында өңірде «ақылды АӨК» моделі енгізілуде. Жасанды интеллект жерді мақсатты пайдалануын бағалауда қолданылып, мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидаты бойынша ашық әрі жедел алуға мүмкіндік береді және саланың табыстылығын арттырады.
Тағы бір басым бағыт — елді мекендердегі қауіпсіздікті күшейту. Ішкі істер министрлігі мен жеке инвесторлармен бірлесіп, Қосшы қаласында бейнебақылау жүйесін кеңейту жобасы жүзеге асырылды. Қолданыстағы 500 камераға қосымша 1 000 жаңа камера орнатылып, олар заманауи жедел басқару орталығына біріктірілді. Жүйе қоғамдық тәртіпті бақылаумен қатар, автоматты режимде коммуналдық мәселелерді, қаңғыбас жануарлардың бар-жоғын және жол жамылғысының жағдайын анықтайды.
Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы арқылы ауыл шаруашылығы алқаптары мен орман массивтеріне мониторинг жүргізіліп, заңсыз қоқыс орындары мен өрт ошақтарын жедел анықтауға мүмкіндік берілуде.
«2030 жылға дейінгі цифрландыру стратегиясы бекітілді. Жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижесі — Digital Aqmola бірыңғай экожүйесін қалыптастыру болды. Оған платформаның өзі, жағдайлық орталық, бірыңғай байланыс орталығы, стартаптарды сүйемелдеу және қолдау жүйелері кіреді. Сонымен қатар экономиканың барлық салаларына жасанды интеллектті енгізу жұмыстары қатар жүргізілуде. Біз жасанды интеллекттің нақты экономикалық пайда әкелуіне және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруына басымдық беріп отырмыз», — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге