
Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.
Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен. Арнайы операция барысында: — 200 келі мефедрон; 2 тоннадан астам прекурсор; химиялық реактор; түрлі жабдықтар тәркіленді. — Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді, — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған. Полиция есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тосқауыл қоюды жалғастырады.